Алуа Балқыбекова жартылай финалға шықты

Алуа Балқыбекова жартылай финалға шықты

Бокстан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова топ жарды.

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Алуа Балқыбекова жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ол күндізгі сеесияда 48 келі салмақта түркиялық Эриван Барутпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер Алуаның басымдығын бірауыздан қолдады. Ал екінші раундта төрешілердің үшеуі оған дауыс берсе, екеуі түркиялық спортшыға қолдау білдірді.

Үшінші раундта да Алуа сенімді ойын көрсетті.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз жартылай финалға жолдама алды. Бұл - кем дегенде қола жүлде қоржынға түседі деген сөз.

Алуа Балқыбекова бұдан бұрын Азия чемпионы атанған. 2022 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алды.