Алтынемел асуында көліктің барлық түріне жол жабылды

Алтынемел асуында көліктің барлық түріне жол жабылды
Сурет: Ашық дереккөз

Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолы бүкіл көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бүгін, 22 қараша кешкі 20.30-дан бастап «Сарыөзек-Көктал» тасжолының 45-68 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.

Бұл учаске - Алтынемел асуының тұсы.

Жолдың жабылуына толассыз жауған қар, ақтүтек боран, екпіні секундына 20 метрге жететін күшті жел себеп болды.

Жолдың аталған учаскесінде 6 арнайы техника күрделі жөндеу жұмысына жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, мұның алдында «Алматы - Өскемен» жолында тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған еді.