«Алтын Орда» базары директоры орынбасары неге ұсталды?

Полиция «Алтын Орда» базары директоры орынбасарының ұсталуы туралы түсініктеме берді
Полицияда «Алтын Орда» базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы бұрын желіде таратылған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек тасжолында «BMW» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту барысында бір жолаушыдан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат, басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапанша анықталып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіледі. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінен.