«Алтын глобус» марапатының 80-ші рәсімі өтті

«Алтын глобус» марапатының 80-ші рәсімі өтті
Сурет: Elorda.info

Лос-Анжелесте «Алтын глобус» иегерлері анықталды. 

Стивен Спилберг «Фабельмандар» (The Fabelmans) фильмі үшін үздік режиссер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Фильмде Голливуд режиссерінің балалық және жастық шағы жайында айтылған. Картина үздік кинофильм номинациясында да жеңіске жетті.

Кейт Бланшетт «Тар» фильмінде Берлин филармония оркестрінің дирижері рөлі үшін үздік әйелдер рөлінде «Алтын глобусты» иеленді. Сондай-ақ, Остин Батлер , Колин Фарелл, Мартин Макдона, Мишель Йео, Гильермо дель Торо да  «Алтын глобусты» иеленді.