«Алтын допты» табыстау шарасы Парижде өтеді

«Алтын допты» табыстау шарасы Парижде өтеді
Сурет: Bookmaker-ratings.ru

«Алтын доптың» қашан берілетіні белгілі болды

Іс-шара 29 қараша күні Парижде өтеді. Ал «Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімі 8 қазан күні шығады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

2020 жылы пандемияға байланысты «Алтын допты» табыстау шарасы өтпеді. Осыған дейін France Football 2021 жылы екі бірдей жүлдені тапсырады деген ақпарат шыққан.

Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, 2020 жылғы «Алтын допты» Роберт Левандовски алады деген болжам бар. 

Ал шілде айында Goal.com басылымы 2021 жылғы «Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімін жариялаған. Ол тізім бойынша аргентиналық шабуылшы Лионель Месси көш басында тұрған. Ал «Бавария» шабуылшы Роберт Левандовски мен «Челси» қорғаушысы Н'Голо Канте үздік үштікке енген.