«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» жәрдемақысы автоматты түрде тағайындала бастайды

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» жәрдемақысы автоматты түрде тағайындала бастайды Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алдағы жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» таққан көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы автоматты түрде тағайындалмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Бүгінде әлеуметтік қорғау және еңбек саласы бойынша 45 қызметтің 43-і (95%) электрондық форматта көрсетіледі. Сонымен қатар, аталған 45 қызметтің 23-і проактивті түрде ұсынылады. Жалпы, биыл қазақстандықтар 13,1 млн қызмет алды. Оның ішінде 10,6 млн қызмет цифрлық форматта, ал 1 млн-нан астам қызмет азаматтарға жіберілген хабарлама жауаптары негізінде проактивті түрде көрсетілді», - деді Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Министр орынбасарының мәлімдеуінше, 2020 жылдан бері цифрлық форматта көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің үлесі 20%-ға артқан.



«Бүгінде әлеуметтік мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін трансформациялау жүріп жатыр. Алдымен, проактивті форматта көрсетілетін қызметтерді жетілдіре түсу көзделіп отыр. Проактивті қызметтің арқасында жәрдемақыларды автоматты түрде тағайындау мүмкіндігі бар, яғни қызмет адамның қатысуынсыз, автоматты түрде көрсетіледі. Сондай-ақ, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаға ие көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындауды проактивті қызмет түріне ауыстыру жоспарланып отыр. Басында пилоттық режимде іске қосылады», - дейді ол.



Сондай-ақ, Ербол Оспанов келесі жылы тағы төрт қызметтің автоматты форматқа ауысатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45