Алты жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды

Алты жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды
Сурет: 24.kz

Парагвайда жыл соңына дейін COVID-19-ға қарсы балаларға вакцина салу қолға алынбақ

Жыл соңына дейін бұл елде алты жастан асқан балаларды вакцинациялау басталады, сонымен бірге, азаматтардың жекелеген санаттарын иммундау жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрілігінің басшысы Хулио Борба хабарлады. 

«Біз иммунитеті төмендеген жасы 50-ден асқан азаматтар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне вакцинаның үшінші дозасын жеткізуді бастаймыз. Жыл соңына дейін алты жастан асқан балалар арасында вакциналауды бастау жоспарланып отыр», - деді ол. 

Сонымен бірге, жанама аурулары жоқ 12-17 жастағы жасөспірімдерді вакциналау басталады.

Министрдің бұл мәлімдемесі ведомствоның Twitter парақшасында айтылған.  

Парагвайда коронавирус жұқтырудың 460 244 жағдайы тіркелген, 16 207 науқас қайтыс болған.