Алты облыста ауа райы күрт өзгереді

Алты облыста ауа райы күрт өзгереді
Сурет: Ашық дереккөз

21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміздің алты облысында құбылмалы ауа райы орын алатынын ескертеді: аптап ыстықта найзағай ойнап, кейбір елді-мекендерде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндіз 23 шілдеде Түркістан облысының батысында және шөлейтті аудандарында өте қатты ыстық болады деп күтіледі: + 45°C. Түркістан қаласында да күндіз өте қатты ыстық: +45°C.

21-22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Петропавлда 21 шілдеде түнде, 22 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
21 шілдеде түнде Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз батысы мен орталықталығында, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ түседі деп болжанады. Облыстың батысында, орталығында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.

Семейде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Өскеменде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

21 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада күндіз + 42...+44°C дейін қатты ыстық болады деп күтіледі, сәйкесінше өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. +35...+ 38°C. күндіз 22-23 шілдеде облыстың басым бөлігінде өте қатты ыстық болады: +40...+41°C.

Талдықорғанда күндіз +36...+38°C дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде +35°C қатты ыстық болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірдің батысында, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың басым бөлігінде +42°C дейін қатты ыстық сақталады.

Синоптиктер Ақтауда шаңды дауыл болады деп болжайды. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.