Алты айда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кеткен

Алты айда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кеткен
Сурет: zakon.kz

Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 1,4%-ға азайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7 287 адам келді, елден 12 344 адам кеткен, көші-қон сальдосы -5 057 адамды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5%, кеткендер – 83% мигранттардың жалпы санынан»,-делінген хабарламада.

Бұл ретте ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 1,4%-ға азайды.

Өңіраралық қозғалыстар бойынша еліміздің үш облысында: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.