Алты алтын: Таеквондодан Қазақстан құрамасы халықаралық жарыста көш бастады

Алты алтын: Таеквондодан Қазақстан құрамасы халықаралық жарыста көш бастады
Olympic.kz

Таеквондодан Қазақстан құрамасы «2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships» халықаралық турнирінің командалық есебінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме  жасап.

Исламобад қаласында өткен G-1 дәрежелі жарыста қазақстандық таеквондошылар алты алтын және бір күміс медалін жеңіп алды.

Айдана Еділбаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Жадыра Хайруллина (62 кг), Нұрай Хусайнова (67 кг), Джансель Дениз (73 кг) және Айгүл Елубай (73 кг) турнир чемпиондары атанды. Диана Әбсенова (62 кг) ел қоржынына күміс медальді салды.