Альпі тауларында мұздық еріп жатыр

Альпі тауларында мұздық еріп жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

Туризмге кері әсер етуде 

Альпі тауларындағы мұздықтар мен қар рекордты жылдамдықпен еріп жатыр. Бұл аймақтағы туризмге кері әсер етуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Мәселен, Швейцариядағы Еуропаның ең үлкен шаңғы тебу демалыс орыны – Церматқа адам аз келетін болған.
Биыл бұл жердегі мұздықтардың биіктігі 5 сантиметрге төмендеп, ауа температурасы 0,3 градусқа жылынған. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерісіне арналған есебінде 2100 жылға қарай Альпідегі мұздардың 80 пайыздан астамы еритіні көрсетілген.