Альмира ҚАЙЫРТАЙҚЫЗЫ, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары: Тәуелсіздік - біздің бағымыз!

Альмира ҚАЙЫРТАЙҚЫЗЫ,  М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары: Тәуелсіздік - біздің бағымыз!
Сурет: Нistory-state.kz

Ел мерейі үстем болсын!

Биыл еліміздің егемендігіне 30 толады. Асқаралы асулар мен биік шыңдарды бағындырып келеміз. Қазақстанның аты алыс-жақын шет мемлекеттерге танылуда. Туған өлкеміздің өркендеуіне бәріміз атсалысуымыз қажет. Әркім өз саласының майталманы болса, даму деген сол. Жас ұрпақты осы бағытқа қарай бұрып, ғылым-білім, тәлім-тәрбие сіңдіре білсек – озғанымыз. Құтты мекеніміз бұдан да зор жетістіктерге жетіп, ілгерілей берсін!