«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады

Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі-5%;

Бастапқы жарна-10% Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады.

Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді.

Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?

  • Медицина қызметкерлері;
  • Білім беру қызметкерлері;
  • Мәдениет қызметкерлері;
  • Спорт қызметкерлері;
  • Жоғары оқу орны қызметкерлері;
  • Әлеуметтік сала қызметкерлері;
  • БАҚ қызметкерлері;
  • Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады. Негізгі талаптар:

  • Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
  • Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
  • 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

inform.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *