Алматының денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру коронавируспен күресуге көмектеседі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы кезекті тікелей эфир барысында қаланың денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және КВИ эпидемиясының таралуын болдырмауға бағытталған жобалар туралы айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында бүкіл қала бойынша АМСК қадамдық қолжетімділігін анықтайтын жүйе құрылды. Жүйе учаскелік дәрігерлер науқастарын аралау кезінде өз пациенттеріне жете алмайтын аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Осы ақпараттың негізінде салынатын жаңа емханалар мен ауруханалардың медициналық қызметтерінің қадамдық қашықтығы ескеріліп, жобаланады.

Пандемия кезінде жеке сектордың қатысуымен қала КВИ эпидемиясының таралуын болдырмауға бағытталған жаңа жобаларды жедел жүзеге асырды. Мысалы, ұялы байланыс операторларының деректері негізінде адамдар көп жиналатын орындардың сараптамасы жасалды, ауруханалардың 1С жүйесіне тікелей интеграцияланған дәрі-дәрмек қозғалысының мониторинг жүйесі енгізілді; медициналық құрылғылардың жұмыс мәртебесін анықтайтын жоба жүзеге асты.

Бұдан өзге,пандемия кезінде Телемедицина орталығы арқылы КВИ науқастарын бақылаудың толыққанды жүйесі іске асты. КВИ-мен ауырған қала тұрғындарының көпшілігі жұмыстың «дейін» және «кейін» кезеңіндегі айырмашылықтарды сезінді. Болашақта осы тәжірибені созылмалы аурулары бар қалалықтарды қолдау үшін пайдалану жоспарлануда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *