Алматылық жастар Тұңғыш Президенттің еңбектерімен танысты

Қазақстанда 2011 жылдан бері 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Осыған орай Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанатыны Қазақ Ұлттық аграрлық университетімен бірлесіп жасотандық белсенділер және студент жастар «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.


Аталған шара ZOOM платформасында онлайн форматта өтіп, 200-ден астам жастың басын біріктірді.
Кездесу барысында жасотандықтар Елбасының еңбектерімен, өмір жолымен танысып, жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі туралы ой бөлісіп, пікір алмасты.
Кездесу университет базасында орналасқан «Н. Назарбаев: білім-ғылым орталығына» экскурсия жасаумен жалғасын тапты. Шараға қатысқан белсенді жастарымызға университет ректоры Есполов Тілектес Исабайұлының «Елбасы жолымен» кітабы сыйға тартылды.
Алматылық Өміржан Аяулым ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өз елінің азаматтары мен бүкіл әлем қоғамдастығын қазіргі заманғы ең табысты көшбасшылардың бірі ретінде мойындата алғанын және осы беделімен әлемдік саяси тарихқа мәңгі енетінін жеткізді.
«Біздің тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің мызғымастығы, демократия мен прогресс жолындағы үдеріс Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», — деді жасотандық Аяулым.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *