Вакцина сапасына алаңдауға негіз жоқ

Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті онлайн-брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали бүгінгі эпидахуал туралы баяндады.

Өткен тәуліктің өзінде мегаполис тұрғындарының арасында КВИ жұқтырған 585 адам тіркелген, оның 95-і симптомсыз тасымалдаушылар.
Ведомство өкілі бүгінгі күні инфекциялық стационарлардағы төсек-орын саны 5610 болса, 3114-інде науқастар жатқанын айтты. Оның 87-сі балалар көрінеді. Өрендердің жағдайын дәрігерлер жеңіл және орташа жағдайда деп бағалауда. Ал 77 ересек адамның жағдайы аса ауыр, 570 адам ауыр жағдайда және 2467 науқастың жағдайы орташа ауырлық деңгейде.
Қатерлі індеттен емделіп, айығып жатқандар да аз емес. Мәселен, бүгін 491 пациент сауығып үйлеріне шыққан.
Спикер вакциналау тақырыбына да тоқталып өтті. Биылғы 1 ақпан мен 5 сәуір аралығында 44 315 адамға екпе егілген. Оның 6 200-і вакцинаның екі компонентін де алған.
2-5 сәуір аралығында 28 413 азамат вакцина алған. Өткен тәулікте 4 764 адам екпе салдырған. 6 335 доза вакцина қалды, вакциналау жалғасуда.
Лаура Мырзағалидің айтуынша, 9 сәуірде вакцинаның бесінші траншы күтілуде. Алматыға тағы 57 445 доза жеткізілмек. Осы жылдың 13 мамырында 57 445 доза жеткізу жоспарланған.
– Тұрғындарға вакцина сапасына байланысты алаңдауға негіз жоқ. Кез келген вакцина адам ағзасын қоздырушымен немесе инфекциямен күресуге дайындайды. Сол себепті де екпе түрлі аурулармен күресте тиімді әдіс болып табылады. COVID-19 вакцинасы қалыпты өмір салтына қайта оралуымызға мүмкіндік береді. Әлі де бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтық сақтауды жалғастырып, дезинфекциялық құралдарды жиі қолданып, адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын, – деді спикер.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *