ALMATY DREAM PARTY концерті қайта оралады

«Көктөбеде» тағы да қазақстандықтардың сүйікті әндері шырқалады.
Осыдан тура бір жыл бұрын «Алматы» телеарнасында ALMATY DREAM PARTY жаңа жобасы басталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Әр апта сайын «Көктөбе» демалыс саябағында алматылықтар мен қала қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының әндерін тыңдай алады. Жаздың бірінші күніндегі концерт Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.