Алматыда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі

Биыл Алматыда 8,3 шақырым жылу желілері қалпына келтіріледі. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдіді.

Құрылыс жұмыстары қаладағы жылу желілері сынақтан өткеннен кейін басталады және қыркүйек айында аяқталады.

Ескірген құбырлар жаңа және қызмет көрсету мерзімі 40 жылға арналған құбырлармен алмастырылады.

2021 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша және жергілікті бюджет шеңберінде магистральды құбырларды қайта құруға шамамен 5,3 млрд теңге бөлінді.

Алматыдағы инженерлік желілерді жаңартудың бас жоспарына сәйкес жылу магистральдарын қалпына келтіру жұмыстары мына аудандарда жүргізіледі:

Алатау ауданы:

— Бартоғай (Петров көшесінің қиылысынан Емцов көшесіне дейін);

— Беломорская (Петровский көшесінен Фадеева көшесіне дейін);

— Дубосековская (Т.Рысқұлов даңғылынан «Массагет» НС дейін);

— Райымбек (Үлкен Алматы өзенінің бойымен Бартоғай көшесіне дейін);

— Өскемен (Беломорская көшесінен Петровский көшесіне дейін).

Алмалы ауданы:

— Досмұхамедов (Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейін);

— Розыбақиев (Дүйсенов көшесінен Райымбек даңғылына дейін);

— Түркебаев (Дүйсенов көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін);

— Шагабутдинов (Қабанбай батыр көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін және Қабанбай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін).

Бостандық ауданы:

— Науаи (№o 312 және 310-А тұрғын үйлердің аулалары)

— Розыбақиев (Березовский көшесінен Қожанов көшесіне дейін және Байқадамов көшесінен Березовский көшесіне дейін);

— Экспериментальной (Нұр-Мүбарак университетінен Қожанов көшесіне дейін).

Медеу ауданы:

— Кармысов (Бөгенбай батыр көшесінен Шевцова көшесіне дейін);

— Ш.Уалиханов (Әлімжанов көшесінен М.Маметова көшесіне дейін).

Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарды ыстық сумен жабдықтау уақытша схемалар арқылы сақталады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *