АЛМАТЫДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

 

Өткен түнде  Алматыда тағы бір  жедел жәрдем көлі­гі апатқа ұшырап,  2 жастағы бала  мен фельдшер жапа шекті.

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің  ресми өкілі Сал­танат Әзірбек оқыс оқиғаға орай Бостандық аудандық ІІБ әкім­шілік полициясы іс қозғағанын хабарлады. «Бостандық ауданында, Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай бағыт алған жедел жәрдем көлігі Әуезов көшесіне қызыл бағдаршамға өткен. Осы кезде Әуезов көшесімен оңтүстікке бағыт алған жеңіл көлік  «жедел жәрдемге» келіп соқты­ғысады. Қақтығыстың салдарынан «жедел жәрдем» көлігі аудары­лып,  іштегі  фельдшер мен екі жастағы науқас бала жапа шегіп, олар тез арада ауруханаға жеткізілді», – деді С.Әзірбек.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қыз­метінен хабарлағандай, «2/25 жедел жәрдем бригадасы сырқат баланы қарауға аттанған. 2 жастағы бүлдіршінге ЖРВЖ диагнозы қойылған. Жұқпалы аурулар ауруханасына жеделдетіп жеткізу үшін қайта шыққан уақытта жол апаты  орын алған. Көлікте жүр­гізушіден басқа баланың ата-анасы, санитар, фельдшер  болған. Көлік апатынан  фельдшер жеңіл жараланған.  Ол №7 қалалық ауруханада қаралып, үйге емделуге жіберілді. Ал баланы сол жерден 5/1 бригадасы келіп жұқпалы аурулар ауруханасына алып кеткен».

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *