Алматыда сайлау учаскелеріне миллион бетперде бөлінді
Өткен сайлауда дауыс беру процестеріне қатысушылардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сайлау учаскелеріне 1 миллион жеке қорғаныс құралы (бір реттік бетперделер) бөлінді.
Бұл бетперделермен
сайлау учаскелерінде кезекшілік еткен медициналық қызметкерлер, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар, кандидаттардың сенімді тұлғалары, сондай-ақ өздерінде жеке қорғаныс құралдары жоқ сайлаушылар қамтамасыз етілді.
Пайдаланылмаған бетперделер қайтарылып, Алматыдағы медициналық мекемелерге тапсырылды.
Сонымен бірге Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету үшін мектептерге тағы 1 миллион бетперде таратты.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандардан бірнеше миллион бірреттік бетперделер тәркіленген болатын.