Алматыда нұротандық мегополис жастары ауған соғысының қатысушыларымен кездесу өткізді

«Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаркын Алдамбергенова жастарды тәрбиелеуде әскери патриоттық сезімді дамыту мақсатында Ауған соғысына қатысушылармен кездесу ұйымдастырды.

Өскелең жастар және аудандық филиалдың бастауыш партия ұйымының мүшелері бүгінгі кездесуге қатысқан «Намыс» ауған соғысы ардагерлері мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі өкілдерінің баяндаған әңгімелерін, сол бір сұрапыл оқиғаларын еске алған сәттерін аса ықыласпен тыңдап, жақсы атсалысып отырды. Сонымен қатар аталған қоғамдық бірлестіктен келген Айдарбаев Алмасбек Рахимкулович, Амиргалин Сержан Ертаевич, Савиченко Сергей Павловичтар өздерінің атқарып жатқан шараларымен бөлісіп, нұротандықтарды, жастарды мегополисте өткізілетін патриоттық бағыттағы іс шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе Ж.Алдамбергенова: «Партияның «Жастар – Отанға» және «Ардагерлерді ардактайық» партиялық жобасы аясында өткізілген бұл «Намыс» ауған соғысы ардагерлері мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесудің маңыздылығын – жастардың патриоттық бағытта белсенділігін арттырудың бірден бір негізі болып табылатындығы» екенін, және оларға шексіз алғысымызды білдіреміз деп атап көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Алматыда жастардың өзін өзі дамытуына барлық жағдайлар жасалған. Мегополисте 692 мың жастар тұратын болса, олардың 233 мыңнан астамы, яғни 39 жоғары оқу орнының, 80 арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттерін құрайды.
Сондай-ақ, қолданыстағы «Жасыл ел» жобасы және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жастарды жұмыспен қамтуды үйлестіру жүзеге асырылып отыр.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *