Алматыда мониторингтік топ жүз адамның қатысумен өтіп жатқан тойды тоқтатты

Бұл туралы Алматы қаласының Алмалы ауданының мониторингтік топ өкілдері хабарлады. Іс-шара «Premier hall» банкет залында 3 сәуір күні өткізілген.

Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылар айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылады.

Алматылықтарды тойларға, банкеттер мен үйлену тойларына бармауға шақырады, өйткені онда коронавирус инфекциясын симптомсыз тасымалдаушылар болуы мүмкін.

Көпшіліктің жиналуымен өтетін барлық іс-шараларға тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close