Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Алматыда коронавирус жұқтырған 2528 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

23 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 398 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 344, симптомсыз – 54 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 55, келіп түскені – 58. Инфекциялық стационарларда 2 528 адам бар (төсек-орынның жалпы саны — 6 060), оның ішінде 80 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 178 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 64 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 72 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2638 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2311 науқас. 327 адамда коронавирус белгілері жоқ.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *