Алматыда әйелдер аллеясы ашылып, 200  көшет отырғызылды

Алматыда 8 наурыз қарсаңында әйелдер аллеясы ашылып, онда 200 көшет отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шараға қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская, Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Кокобаева, Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова қоғам қайраткерлері қатысты.

«Қазіргі заманда әйелдің рөлі ерлермен қатар маңызды. Қазір нәзік жандылар саясат, экономика, медицина мен басқа да салаларда жұмыс істейді. Осы аллеяны біз әйелдер аллеясы деп атаймыз.

Ол — ақыл, парасаттың символы», — деді Наталья Ливинская.

Бұл аллея Жетісу ауданындағы Көкжиек шағын ауданында орналасқан. Мұнда 4500 көшет отырғызылатын болады.

Басқарма өкілдері гүлдерді отырғызып қана емес, оны күтіп баптауды қолға алмақ.

Биыл қалада 350 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Барлығы 3 жылда 1 млн көшет отырғызылады.

inform.kz

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *