Алматыда дауыс беру процесі аяқталып, дауыстарды санау басталды

Сайлаудың әділ өткеніне күмәндануға ешқандай негіз жоқ

Сайлау процесінің ашық және әділ өткендігі жайлы Азаматтық альянстың сайлауын бақылау жөніндегі қоғамдық орталықтың өкілдері айтты.
«Бірде-бір партия дауыстарын ұрланды, әділетсіздік орын алды деп айта алмайды, өйткені біздің байқаушыларымыз Алматы қаласының барлық учаскелерінде болған. Кемшіліктер болды, бірақ барлығы заң жүзінде реттелуі қадағаланды», – деді Азаматтық альянстың өкілі Әділ Жүнісов.

Жүнісовтің пікірінше, бақылаушылардың көптігі мен біліктілігінің нәтижесінде сайлау ашық және әділ өтті.
Сонымен қатар, сөз барысында ол жастардың белсенділігі мен БАҚ өкілдерінің еңбектерін ерекше атап өтті.
«Сайлау комиссиясының мүшелері де өз жұмысын жауапкершілікпен атқарды. Шектен шығушылықтар мен арандатушылықтарға жол жоқ және оған ешкімнің күмәні болмасын», — деді А.Братенков.
Кейбір учаскелерде орындық жетіспегеніне қарамастан, бақылаушылар аяқтарынан тік тұрған күйде жұмыстарын жалғастырған.
А.Братенковтың мәлімдеуінше, ҚР Азаматтық альянсы ұсынған бақылаушылар халықтың сенімін оятуда үлкен рөл атқарды.

Нұрман Айым

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *