Алматыда ҰБТ басталды

Мегаполисте 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Санитарлық нормаларды сақтау талаптары ерекше бақылауда.

ҰБТ 20-30 қаңтар аралығында Алматы қаласының бес ЖОО базасында өтеді. Бұл ретте ҰБТ өткізу пункттерінде күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ COVID-19-дың одан әрі кең етек жайып кетпеуі үшін ҰБТ өткізу пункттерінде:
— медициналық пункттің медицина қызметкері мен жедел медициналық көмек бригадасының кезекшілігі ұйымдастырылады;
— медицина қызметкерінің денсаулық жағдайына сауалнама жүргізіп, дене температурасын өлшей отырып, ҰБТ өткізу пунктінің барлық қызметкерін күн сайын ауысым алдындағы фильтрды жүзеге асырып, адамдардың жиналуына, вестибюльдер мен дәліздерде адамдарды күтуге жол берілмейді;
— ішке кіргізер кезде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі, шектеу ленталары орнатылады;
— пункттерде дезинфекциялық тоннельдер мен аяқ киімге арналған кілемшелер, санитайзерлер орнатылады;
— шығаберісте пайдаланылған бетперделерге арналған қоқыс жәшіктері орнатылады (барлық қолданылған бетперделер кәдеге жаратылады);
— желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіледі;
— ҰБТ өткізу пункті қызметкерлерінің, тестілеуге қатысушылардың және өзге де адамдардың жеке гигиенаны сақтауы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етіледі (санитарлық тораптардың жұмыс істеуі, қол жууға арналған қолжуғыштардың, сабындардың, бір реттік сүлгілердің немесе электр сүлгілердің, санитайзерлердің болуы);
— күніне кемінде 2 рет ҰБТ өткізу болжанатын барлық аудиторияларды оларға қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалық жұмыстары жүргізіледі, ғимараттарды әрбір 1,5-2 сағат сайын желдетуді жүзеге асыру қажет.
Бұдан басқа, ҰБТ өткізу пункттерінде үздіксіз электрмен жабдықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілік қамтамасыз етіледі.
ҰБТ өткізілетін жерлерде инфекцияның таралу қаупін болдырмау үшін ҰБТ-ға қатыспайтын адамдарға, оның ішінде ата-аналарға да бармауға кеңес беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы» ҚР Білім Министрлігінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №420 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ҰБТ 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында). Қоғамдық орындарда кісі аяғының көп болмауы үшін, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерін қабылдау 2020 жылғы желтоқсанда http://ent2020.testcenter.kz. сайтында on-line тіркеу арқылы жүзеге асырылды.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *