Алматыда бір аптада 115 нысан карантин талаптарын бұзған

Алматы қаласының мониторинг топтары 13-19 ақпан аралығында күшейтілген режимде жұмыс істеді. Барлығы 1 051 нысан тексеріліп, 115 құқық бұзушылық анықталды.

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 19 ақпан күні мегаполисте карантин талаптарын бұзған 18 нысан анықталды. Оларға жалпы сомасы 3,3 млн теңгеге айыппұл салынды.

Атап айтсақ:

— Алатау ауданындағы «Тифани» сән салоны мен «Асылзат» кешенінің қызметкерлері маска тақпаған, «Береке» дүкенінде ара қашық белгісі жоқ. Абай даңғылы 143-үйдегі «Лото» клубы тыйымға қарамастан жұмыс істеген.

— Алмалы ауданындағы «Boohouse» бары, «Марго» дәмханасы, «Ttandps» компьютер клубы, «Финик» дәмханасы қызметін тоқтату туралы сот шешіміне қарамастан жұмысын жалғастырған;

— «Чикаго» және «PS Park» ойын клубы шектеуге қарамастан жұмыс істеген;

— М.Әуезов ауданындағы «Ифтар» кафесінде маска режимі сақталмаған;

— Бостандық ауданындағы «Бэлла» сән салоны мен «OLOVO» лаунж бары маска режимін сақтамаған;

— Жетісу ауданындағы «Мардин» кешені, «Brotherhood» дәмханасы мен «Ялян» базары маска режимін сақтамады;

— Медеу ауданындағы «Раушан» дүкені карантин шараларын бұзды;

— Түркіб ауданындағы «Hunter 3» компьютер клубы маска режимін сақтамады;

— Наурызбай ауданындағы «Әдия» дүкені маска режимін сақтамады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 1 қаңтар мен 19 ақпан аралығында 5 394 нысанға тексеру жүргізді.

Нәтижиесінде 456 құқық бұзушылық анықталды. 472 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 37 261 260 теңге сомасына 103 хаттама, ал жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 16 233 105 теңге сомасына 369 хаттама толтырылды. 44 материал сотқа жолданып, олардың 16-сы бойынша шешім қабылданды.

inform.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *