Алматыда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 583 млн теңге грант беріледі

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында  сәуірде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жас кәсіпкерлерге 1 000 грант берілетіні туралы айтты. Аталған жоба бойынша оқыту сәуірде басталады. Биылдың өзінде 2000 адамды оқыту жоспарланған.

«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру биыл да жалғасады. Сондай-ақ, 200 АЕК (583 400) теңге мөлшерінде 1 000 грант қарастырылған. Жоба биыл сәуірде басталады», — деді А.Қошмамбетов. Биылғы оқыту короновирустық инфекцияны таратпау бойынша қабылданған шараларға байланысты 2020 жылдағыдай atamekenacademy платформасында онлайн режимінде жүргізіледі.

Алматы қаласында «Бастау Бизнес» жобасы 2019 жылдан бастап «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде іске асып келеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП қаржылық емес қолдау операторы болып табылады, Бағдарлама шеңберінде оқуға үміткерлер тізімінен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады.

Жалпы, Алматы қаласында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары кәсіпкерлік негіздері бойынша 9 500 қатысушы оқыған. Оның ішінде 4 572 түлек өз стартапын іске асыруға 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант алған.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *