Алматы ауруханасындағы тарақандар мен егеуқұйрықтар туралы видео — ФЕЙК

Instagram желісіндегі видео көпшіліктің талқылауына түсті. №7 аурухананың баспасөз қызметі бұл видеоның шындыққа жанаспайтындығын айтты.

«Бұл жалған ақпарат. №7 аурухана ұжымының атынан болуы мүмкін емес. Видео монтаждалған. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Тапсырыспен жасалған.Қай жылы түсірілгені де белгісіз. Тарақандар тұрғын үйде тұрған аквариумда тұратын сияқты. Ақ егеуқұйрықтар да зертхананың үйретілген жануарларына ұқсайды.№7 аурухананың операциялық қана емес барлық бөлмелерінде санитарлық эпидемиологиялық талаптар сақталады. Стандарттарға сәйкес барлық дезинфекциялық шаралар жүргізіледі», — деді баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *