«Almaty Arenaда» көптен күткен спорт сайысы өтеді

«Almaty Arenaда» көптен күткен спорт сайысы өтеді
Сурет: Inform.kz

10 маусымда, яғни, алдағы сенбі күні «Almaty Arena» сарайында жұдырықтасудан алғаш рет ерекше шоу өтеді.

Кештің ұйымдастырушысы - Қазақстандағы алғашқы кәсіби «Nomad Fighting Championship» лигасы. Жарыс алдында спортшылар кездесіп, баспасөз жиынын өткізді. Кештің басты кездесуі Мұратбек Қасымбай мен Никита Солониннің арасында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал жартылай орта салмақта көптен күткен финалдық кездесу болады деп жоспарланған. Басты сыйлық - чемпиондық белбеу және 5 000 000 теңге.

«Никита - кәсіпқой спортшы. Мен оның мүмкіндіктерін бағалаймын. Бірақ мен де бабымдамын. Жеңіске деген сенім басым. «Nomad-тың» бірінші стадиондық турнирінде өнер көрсететініме қуаныштымын. Оған қоса кеште танымал эстрада жұлдыздары мен этнографиялық топ көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Келушілерге де тосынсый әзірленген. Кешке келген қонақтар арасында 1 000 000 теңге ойнатылады», - дейді қазақстандық жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай.

«Бір жылда кем дегенде екі рет үлкен ареналарда өткізіп тұру, халықаралық аренаға шығу, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Орта Азияға бару, біздің қазақстандық спортшылардың көрсеткішін көрсету, біздің спорттық индустрияны дамыту деген мақсаттармен осы турнирлерді өткізіп жүрміз», - дейді «Nomad Fighting Championship» лигасының президенті Мұхамеджан Қонысбеков, 

Жобаның тағы бір ерекшелігі билет сатылымынан түскен қаржының 10 пайызы мұқтаж жандарға үй сатып алу мақсатында қайырымдылық қорға аударылады. Ендеше 10 маусым күні кешкі бесте «Алматы аренаға» асығыңыз!