Алматы қаласында бір тәулікте 2340 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 24 мамыр күні 2 340 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 24 мамыры аралығында қалада барлығы 291 371 адамға екпе салынды.

«Бүгінгі күнге дейін қазақстандық QazVac вакцинасын 3000 адам алды. Қытайдың Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 11 034 алматылық салдырды», — деп атап өтті басқармадан.

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» — деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *