Алматы қаласында 2021 жылдың 5 наурызда қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 5 наурыз күні сағат 03.50- де жаңбыр араласқан қар жауды. Сағат 9.00- дегі жағдай бойынша таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 15-35 см, ал қалаға 3-10 см қар түсті.

Қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін, қар жауа басталысымен көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар сыпыру басталды. Қала орталығында көктайғаққа қарсы материалдар таңғы сағат 7.00-де басталды, 1120 тонна көктайғаққа қарсық материалдар пайдаланылды.

Тротуарларды, жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ қалталарын қардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Қар тазарту жұмыстарына 545 техника бірлігі, оның ішінде 190 құмлақтырғыш пен 1492 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

 

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *