Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар  азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 1/204 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі  № 2/255 қаулысы Алматы қаласының Әділет Департаментінде  2021 жылдың 30 сәуірінде тіркелген, № 1697

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 1/204 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1694 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы «тауық жұмыртқасы (I санатты)» он данасына
487 теңге мөлшерінде, 90 күнтізбелік күн мерзімге бекітілсін.».

  1. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласының әкімі                                                          Б. Сағынтаев

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *