Алматыда азық-түлік жәрмеңкесінің қызметі қайта жанданды

Алматыда азық-түлік жәрмеңкесінің қызметі қайта жанданды
altapress.ru

22 қаңтардан бастап қаланың 5 ауданында «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкесінің қызметі қайта жанданды

Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында сөйлеген сөзінде осы және басқа да маңызды шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Әкімнің орынбасары 9 қаңтарда үй жанындағы дүкен сөрелерінде өнім тапшылығын болдырмау мақсатында азық-түлікті төмен бағамен жеткізуге өтінімдерді қабылдау бойынша жедел желі құрылғанын хабарлады.

Ағымдағы жылғы 24 қаңтардағы жағдай бойынша, 120 өтінім алынды және 90 тонна өнім тиелді, оның ішінде 85,2 тонна бакалея өнімдері (күнбағыс майы, 1-сұрыпты ұн, қарақұмық жармасы, қант) 4,8 тонна жұмыртқа.

Қазіргі уақытта қаланың барлық аудандарында В, С класты дүкендерді қамтуды ұлғайту үшін өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ерекше бақылауда.

22 қаңтардан бастап апта сайын қаланың 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкелері қайта басталады. Оған Алматы облысының жақын аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.

Бұдан басқа, Алматыда көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша 5 базарда («Жұлдыз», «Орбита», «Тау  самалы», «Арыстан», Тастақ) ет дүкендері іске қосылды. Онда сиыр етінің кеуде-жауырын бөлігі 2050 тг/кг-нан сатылады, бұл орташа нарықтық бағадан (ҚҚ-2325 тг/кг) 13,5%-ға төмен.