Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
Inform.kz

ҚР Президентінің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz аkorda.kz сілтеме жасап.

«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген ҚР Президентінің Жарлығында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.