Бейжің Олимпиадасына билет сатылмайды

Бейжің Олимпиадасына билет сатылмайды
olympic.kz

Бірақ қысқы Олимпиадаға билет сатылмайды. Бұл туралы Ойындардың ұйымдастыру комитеті өз сайтында хабарлады. Ал қатыстырылатын көрермендер коронавируспен күрес шараларының талаптарына жауап беретін адамдардың арасынан таңдалып алынады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жаңа ережелер қиын эпиджағдайға байланысты, сондай-ақ спортшылар мен іріктелген көрермендердің қауіпсіздігін сақтау үшін енгізілген.  Қытай спорт сайысына шетелдік азаматтардың келе алмайтынын былтыр қыркүйек айында айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында, ал Параолимпиада 4-13 наурыз аралығында өтеді.

– Ковид жаңа екпінмен өршіп барады. Әсіресе, "омикронның" бет алысы жаман. Қытай үкіметі мен халқы Коммунистік партияның басшылығымен коронавирусты еңсеру үшін жан-жақты, ұтымды және қарқынды саясат жүргізіп жатыр. Сондықтан Олимпиаданың қарсаңында эпидемияға қарсы қабылданып жатқан іс-шаралардың тиімділігіне шүбә келтірмесеңіздер болады - дейді ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь.