Учаскелік дәрігерлерге КВИ ауруларын үйде емдегені үшін  үстемеақы төленеді

Учаскелік дәрігерлерге КВИ ауруларын үйде емдегені үшін  үстемеақы төленеді
almaty-akshamy.kz

Учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдегені үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Амбулаториялық науқастардың санының өскенін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмекдеңгейінде уақтылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылдауда», - деді ол.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта еліміз бойынша 3 054 мобильді дәрігерлік бригада жұмыс істейді, резервте 1 622 бригада бар. КВИ-мен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуге учаскелік медицина қызметкерлері кеңінен тартылуда.

Шұғыл медициналық көмекті 1 486 жедел медициналық жәрдем бригадасы көрсетеді, резервте 150-і жасақталған.

Қазір КВИ кезінде медициналық көмек көрсетуге барлығы 40 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған.

Резервте 4 556 медициналық қызметкер бар, оның 1217-і - дәрігер.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында мобильді бригадалардың қайта шығуын, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы үйдегі стационарларды кеңейту және белсенді ашуға қосымша ақы төлеу бойынша іс-шаралар қабылданды. Сондай-ақ, учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдеген үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы көзделген», - деді Ажар Ғиният.