ӘҚП: 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға 367 мыңнан астам қызмет көрсетілді

2021 жыл ішінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 266,3 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мыңнан астамы – ымдау тілі қызметін, 34 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 61 мыңға жуығы – санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 232 мың тапсырыс рәсімделді.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 792 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 164 ОТҚ жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 262 ымдау тілін қызметін, 67 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.
Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.
Алдыңғы мақала
Келесі мақала
Шілде 6, 2022 23:12 0 4
Шілде 6, 2022 22:29 0 16
Шілде 6, 2022 17:46 0 49
Шілде 6, 2022 18:00 0 45
Шілде 6, 2022 17:24 0 55
Шілде 6, 2022 15:35 0 49
Шілде 6, 2022 16:30 0 54
Шілде 6, 2022 16:00 0 50
Шілде 6, 2022 15:30 0 51
Шілде 6, 2022 15:00 0 52
Шілде 6, 2022 14:30 0 44
Шілде 6, 2022 14:00 0 56
Шілде 6, 2022 13:10 0 52
Шілде 6, 2022 12:44 0 59
Шілде 6, 2022 11:38 0 59
Шілде 6, 2022 11:00 0 57
Шілде 6, 2022 10:30 0 64
Шілде 6, 2022 10:00 0 60
Шілде 5, 2022 22:56 0 83
Шілде 5, 2022 22:30 0 80
Шілде 5, 2022 22:17 0 72
Шілде 5, 2022 21:30 0 82
Шілде 5, 2022 21:04 0 108
Шілде 5, 2022 19:59 0 110
Шілде 5, 2022 20:33 0 84
Шілде 5, 2022 19:50 0 81
Шілде 5, 2022 19:23 0 83
Шілде 5, 2022 19:05 0 78
Шілде 5, 2022 18:58 0 107
Шілде 5, 2022 18:46 0 75
Қараша 30, -0001 00:00 0 1078
Ақпан 10, 2022 10:20 0 642
Қаңтар 12, 2022 17:12 0 623
Маусым 13, 2022 15:22 0 323
Маусым 28, 2022 09:42 0 276
Сәуір 20, 2022 09:29 0 2304
Сәуір 14, 2022 12:03 0 2494
Ақпан 16, 2022 16:44 0 4954
Қаңтар 13, 2022 13:28 0 5194