Алматыда қызметкерлердің 70% қашықтан жұмыс істеуге көшеді     

Алматыда қызметкерлердің 70% қашықтан жұмыс істеуге көшеді     
yakutia-daily.ru

Алматы "қызыл" аймаққа көшуіне байланысты көпшілік жиналатын іс- шараларға тиым салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Тек қана жерлеу рәсімдерін Ашық жобасына қатысқан нысандарда  өткізуге рұқсат беріліп отыр. Оның өзінде 30 адамға дейін рұқсат етілген. Ал монша, бассейн, фитнес орталықтарына "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіреді. Кинотеатрларда орынның 30 пайызы толуы тиіс.

Концерт залдары, филармония, театрлар жұмыс істемейді. Ал мемлекеттік органдар мен басқа да жекеменшік мекемелер қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге жібереді.

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес осындай талап қойылып отыр. Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша, мегаполисте эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп барады. 13 қаңтарда 1 мың 200-ге жуық алматылықтан коронавирус анықталған. Сондықтан карантин шараларын күшейту жөнінде шешім қабылданған.

Мамандар көп ұзамай "омикрон", "дельта" штамын ығыстырады деп отыр. Сондықтан тұрғындарға ревакцинация жасауға кеңес береді.