Бақытжан Сағынтаев қаза тапқан бүлдіршіннің отбасына көңіл айтты

Бақытжан Сағынтаев қаза тапқан бүлдіршіннің отбасына көңіл айтты
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік барысында қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты. Тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем қаза тапты, ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақатпен реанимацияда жатыр.

Б. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі.