Алматыда ата-аналармен және мұғалімдермен кері байланыс орнату үшін call-орталықтары іске қосылады

Алматыда ата-аналармен және мұғалімдермен кері байланыс орнату үшін call-орталықтары іске қосылады
www.inform.kz

Алматыда ата-аналармен және мұғалімдермен кері байланыс орнату үшін білім басқармасында, аудандық білім бөлімдерінде және әрбір білім беру ұйымдарында бірнеше call-орталықтары іске қосылады. Онда сұрақтарға жауап немесе кеңес алуға болады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, Сall-орталықтарының телефон номерлері білім басқармасының, аудандық білім бөлімдерінің және барлық білім беру ұйымдарының ресми сайттарында, әлеуметтік желілерде орналастырылады.

«Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, біз барлық ата-аналар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларын және санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз», - деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.