Қарлығаш Әбдіжаббарова: «Омикрон» штамы «дельтаны» ығыстырады

Қарлығаш Әбдіжаббарова: «Омикрон» штамы «дельтаны» ығыстырады
www.inform.kz

«Омикрон» штамы жақын арада «дельтаны» ығыстыратын болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Коронавирустың жаңадан пайда болған «омикрон» штамы халық арасында көп тарайды және жақын арада «дельтаны» ығыстырады»,-дейді ол.

Алматының бас санитарлық дәрігері ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету үшін вакцина алу керектігін ескертті.

«Алматыда коронавирусқа қарсы иммундық қабат жеткіліксіз және шамамен 60%-ды құрайды (вакциналанғандардың 51,3% + соңғы жылы ауырып ауырғандардың 8,2%)»,- дейді спикер.

Қарлығаш Әбдіжаббарова алғашқы иммундаудан өткен азаматтарды ревакциналауға келуге шақырды.

«Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакциналау «омикрон» штамымен инфекция кезінде асқынған және өлім жағдайларын ауруханаға жатқызудан 70%-ға қорғайды. Мен вакциналанбаған азаматтарды екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан кейін қайта вакциналауға шақырамын. Бұл кезеңде қаланың барлық тұрғындарына шектеу шараларының талаптарын қатаң сақтау, қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау өте маңызды», - дейді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Спикер 20-30 жас аралығындағы жас тұрғындар үшін «омикрон» штамы қауіпті екенін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, вирустың бұл нұсқасы ерекше және осы жастағыларға әсер етеді.

«Коронавирусты жұқтырғандардың үлесі 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4%-ға, жасөспірімдер арасында 1,1%-ға күрт өсті, бұл "омикрон" штамына да тән», - деді ол.