Алматыда азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді

Алматыда азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді
yandex.kz

Азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат

Бүгінде Алматы қаласы мен ҚР өңірлерінің өндірушілерінен азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Ірі наубайханалар күніне 150 тонна әлеуметтік нан шығарады, кәсіпорындар толық қуатында жұмыс жасауда.

Бакалея, сүт өнімдерін, жұмыртқа, көкөністерді жеткізушілер мен өндірушілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық сауда желілері мен ірі дүкендер жеткізіліммен қамтамасыз етілген. ӘМАТ тапшылығы байқалмайды.

12 қаңтарда В, С класс дүкендеріне азық-түлік жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жедел желіге 15 қоңырау келіп түсті, жедел режимде жеткізу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта 970 дәріхананың 887-сі 9.00/10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, оның ішінде 315 желілік және 572 бөлшек дәріхана.