Алматы облысында коменданттық сағаттың уақыты өзгерді

Алматы облысында коменданттық сағаттың уақыты өзгерді
kaztag.kz

Алматы облысында коменданттық сағаттың уақыты өзгерді. Өңірдің комендатурасы осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Енді коменданттық сағат түнгі 23:00-ге ауыстырылды. Бұған дейін азаматтардың жүріп тұруына шектеу кешкі сегізден басталатын еді. Бұл аймақтағы ахуалдың жақсаруымен байланысты. Осылайша өңірде коменданттық сағат түнгі 11-ден таңғы жетіге дейін жалғасады.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде ел аумағындағы азаматтар төлқұжатын өзімен бірге алып жүруі керек әрі жалпыға ортақ талапты сақтауға міндетті.