Жүрсін Ерман, ақын, журналист: Бейбіт өмірімізді қайтаруға атсалысуымыз қажет 

Жүрсін Ерман, ақын, журналист: Бейбіт өмірімізді қайтаруға атсалысуымыз қажет  stan.kz

Алматыда орын алған террорлық әркеттерге ақын Жүрсін Ерман өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінгі елде болып жатқан жантүршігерлік оқиғалар халқымыздың тыныштығын бұзды. Еліміз үшін қиын-қыстау кезенде жұдырықтай жұмылып, бейбіт өмірімізді қайтаруға атсалысуымыз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқына қамқорлық жасап, болашағымызды сақтап қалуға барлық күшін жұмсап жатыр.


Қ.К.Тоқаевтың тағдыршешті шешімі - елдің жарқын болашағының кепілі болғаны ақиқат. Мемлекетіміздің тұтастығына қауіп төндірген экстремистермен күрес қазіргі күні әлі де қарқынды жүріп жатыр. Бұл жолда барлығымыз ел Президентінің тарапынан қабылданып жатқан шаралар мен шешімдерге түсіністікпен қарап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек.


Бейбіт өмір мен жарқын болашағымыз қазір біздің қолымызда. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, барлығымыз жұдырықтай жұмылып, қиыншылықтарға төтеп берейік. Жақындарымыз аман болсын!


Қиын-қыстау  заманда елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты азаматтарымызды халық мақтан етіп,  ізгі алғысын білдіреді. Әскери қызметшілер азаматтарды қорғау бойынша тікелей міндеттерін орындаған кезде сабырлық танытуларыңызды сұраймын! Күшіміз - бірлікте!


Бірлесіп, біз барлық қиыншылықтарды жеңеміз! Бейбітшілік пен келісімде "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман" орнасын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет