Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған ер адам ұсталды

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған ер адам ұсталды
Inform.kz

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери көлікті басып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, ол 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды.

Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «Өжет» ықшамауданында ұстады.

Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы «Сайга» мылтығы тәркіленді.