Президент Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды

Президент Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды
kapital.kz

Президент Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азаматтардың нақты санын анықтау керек. Үкіметке «Атамекен» палатасымен бірге екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тасырамын. Үкіметке Әлеуметтік кодекстің уақытында қабылдануын қамтамасыз ету қажет», - деді Президент.

Оның айтуына қарағанда, мемлекеттің әлеуметтік саясаты осы құжаттың аясында пандемия тәуекелдері мен қордаланған проблемаларды ескере отырып бейімделуі керек.

«Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық келісімнің негізгі элементіне айналуға тиіс», - деді Мемлекет басышсы Парламент Мәжілісінің отырысында.