Алматыда өнеркәсіп нысандары жұмысын қалпына келтіруде

Алматыда өнеркәсіп нысандары жұмысын қалпына келтіруде
24 kz

Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы 120 кәсіпорынның 76-сы жұмыс істейді. 44 кәсіпорын 11-19 қаңтар аралығында іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Оның ішінде тамақ өнеркәсібінде - 21 кәсіпорынның 18-і, құрылыс индустриясында - 20 кәсіпорынның 10-ы, машина жасауда – 14 кәсіпорынның 7-еуі, сусындар өндірісінде - 12 кәсіпорынның 9-ы, химия өнеркәсібінде – 10 кәсіпорынның 3-еуі, жиһаз өнеркәсібінде – 8 кәсіпорынның 3-еуі, фармацевтикада – 8 кәсіпорынның 6-ауы, металлургияда – 8 кәсіпорынның 7-еуі, қағаз өндірісінде – 7 кәсіпорынның 6-уы, жеңіл өнеркәсіпте – 6 кәсіпорынның 4-еуі, полиграфияда - 6 кәсіпорынның 3-еуі.

Деструктивті тұлғалардың әрекеттерінен 2 кәсіпорын - «БРБ АПК» ЖШС және «Либелла Боттлерс» зардап шекті, залал есептелуде.

Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб