Алматы-3 бола ма?

Алматы-3 теміржол вокзалын қала маңында салу жоспарлануда.

Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынба­сары Алтай Сатыбалдиев мәлімдеген. Оның айтуынша, Ал­ маты-3 вокзалының құрылысын бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы ұсынған екен.
Жобалаушы атап өткендей, ұлттық компания үшін қосымша станция «жүк ағындарын түсіру» үшін
қажет болған.
– Бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай ауданында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсына­ мыз. Онда станция бар, бірақ вок­ зал салу керек. Сонымен, бүкіл батыс аудан қамтылады. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғын­ дары қалаға Алматы-2-ге кірмей-ақ келе алады. Осылайша біз негізгі
вокзалдың жүктемесін азайтып, Баум тоғайы арқылы екінші тармақты салу қажеттілігін болдыр­ маймыз, бұл экологиялық заңнаманы бұзуы мүмкін, – деді ол.
А.Сатыбалдиев Алматыдағы темір жол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырымды құрайтынын
атап өтті. Торап құрамына Алматы-1 және Алматы-2 станцияларын қоса алғанда, тоғыз станция кіреді.
Алматы агломерациясын дамыту бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда, олардың
ішінде:
Алматы-1 – Алматы-2 желісінде екінші жолдар салу;
Алматы-2 станциясында қала маңындағы теміржол тасымалдары үшін вокзал салу;
Алматы-1 – Талғар жүк және жолаушылар темір жол тармағын салу;
Алматы – Ұзынағаш трамвай желісінің құрылысы.
Сондай-ақ, А.Сатыбалдиев Алматы халықаралық әуежайын қала сыртына Жетіген кентіне көшіруден
бас тарту туралы пікір білдірді.
«Алматы әуежайы – өзінің инфрақұрылымы бойынша әлемдік көшбасшылардың ондығына
кіретін, ұшақтардың кез келген түрін қабылдауға қабілетті бірегей нысан. Әуе айлағының иесі, түрік
компаниясы жаңа терминал салуды жоспарлап отыр (оны 2022 жылдың II тоқсанында аяқтау керек). Есептік мерзімнің соңына дейін (2030 жылдың соңына дейін) әуежайды ауыстыру жоспарлары тоқтатыл­ ды», – деп қорытындылады Алтай Сатыбалдиев

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *