Алматыда халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Алматыда халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда mk-kz.kz

Бүгінде 4 наубайхана ("Ақсайнан", "Алматынан", “Рузинан", "Баширов" ЖК) күніне 130 тонна әлеуметтік нан шығарады. Әлеуметтік нанның бағасы "Ақсайнан" – 90 теңге/бөлке, “Алматынан" - 85 теңге/бөлке, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Бакалея өнімдерін өндірушілер ("Фирма "Ас-Ан" ЖШС), сүт өнімдерін өндірушілер ("Солнечный" ЖШС, "АдалСүт" ЖШС және "JLC" ЖШС, "Фуд Мастер" ЖШС, "RG Brands") жеткізілімдерді штаттық режимде жүргізеді. "Алсад Қазақстан" ЖШС мен "Алатау Құс" ЖШС қоймаларында жұмыртқа қоры жеткілікті, барлық сауда желілері мен ірі дүкендерге жеткізіледі.


9 қаңтардан бастап "Магнум" желісіне келісімшарт жасалған көкөністер көлемін жеткізу жолға қойылды. Сөрелердегі картоп бағасы – 118 тг/кг, сәбіз – 127 тг/кг, пияз – 84 тг/кг, қырыққабат – 116 тг/кг.



Бүгінде 970 дәріхананың 877-сі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Алматы қаласының уақытша сақтау қоймаларында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны жеткілікті. Жедел деректер бойынша, 19 дәріхана зардап шеккен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29